Categories: Оқиға

Қазақстанда адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ ұсталды

Қазақстанда 4 айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркеліп, 3 қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов хабарлады.

«БҰҰ мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі – балалар. Өкінішке қарай, бұл проблема Қазақстанда да бар»,

деді Марат Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі.

«Бұрын 300-ге дейін жететін. Ал биыл төрт айда адам саудасына қатысты 30-ға жуық фактісі анықталып отыр. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта құрудың арқасында бұл қылмыстардың анықталу қарқыны артып келеді. Бірақ мойныдау керек, бұл тек салдарымен ғана күрес»,

деді Ішкі істер министрі.

Марат Ахметжановтың сөзінше, бүгінде адам саудасымен айналысатынлар халықаралық шараларға шақыру желеуімен балаларды елден алып кетіп жатыр.

Осы орайда, ІІМ Қазақстанда балалар да адам саудасының құрбаны болатынын айтты. Енді балалар саудасына қарсы күресу мақсатында16 жасқа толмаған азаматтардың Қазақстаннан кету тәртібі өзгереді. Еске салсақ, 21 қазанда Астанада «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өткен болатын. Заң жобасын енгізу мерзімдері: 2023 жылғы қаңтар – Әділет министрлігіне, 2023 жылғы ақпан – Үкіметке, ал 2023 жылғы сәуір – Парламентке енгізу белгіленді. Қазір адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы талқыланып жатыр.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago