Categories: Қоғам

Қазақстанда қай мамандарға сұраныс жоғары екені анықталды

Ел тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 60 пайызы жұмыс іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

OLX.kz онлайн-жарнама сервисі сарапшыларының еліміздің еңбек нарығына жүргізген бағалауына сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 33 пайызы осы жылы жұмыс іздегенін атап өткен.

Оның ішінде 60 пайызы әлі күнге жұмыс іздеп жүр. Оның 35 пайызы қазіргі уақытта кез келген жұмысты істеуге дайын.

Респонденттердің басым бөлігі (38 пайызы) айына 500 мың теңге жалақы алғысы келсе, 8 пайызы 100 мың теңгеге де қанағат тұтпақ.

Жоғарыда аталған сервис мәліметінше, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жұмыс іздеп, сұраным жолдағандардың саны 20 пайызға артқан.

Жұмыс берушілер тарапынан көп ұсынылатын 5 мамандықтың ішінде жүргізушілерге сұраныс жоғары. Еліміз бойынша орташа айлық жалақы – 200 мың теңге.

Одан кейінгі орында тұрған сатушыларға 140 мың, аспазға 150 мың, үй-жай тазалаушыларға 110 мың, сатушы-кеңесшіге 130 мың төленеді.

Жыл басынан бері жұмыс іздеушілер арасында «жүргізуші», «жүкші», «бала күтуші», «даяшы» сынды мамандықтар барынша танымал болып отыр.

Айта кетерлігі, еліміз бойынша сауалнамаға 7 мың респондент қатысқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

13 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

14 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago