Categories: Экономика

Қазақстанда алты мың ғана кәсіпкер миллионға жуық табыс табады

2022 жылдан бастап ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар арасында ең байларды анықтау шкаласын ұлғайтты. Қазір ауқатты кәсіпкерлер мен тәуелсіз жұмысшылар санатына ену үшін 2021 жылғыдай 500 мың теңге емес, 1 млн теңге табыс болуы керек. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Қазақстанда барлығы 8,9 млн жұмыспен қамтылған адам бар. Оның 6,8 млн-ы жалдамалы жұмысшылар, 2,1 млн-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ұлттық статистика бюросының мамандарына соңғы санатқа жеке кәсіпкерлерді; АҚ, әр түрлі жеке серіктестіктер құрылтайшылары, қатысушыларын; өндірістік кооперативтердің мүшелерін; жеке жұмыс істейтін адамдар мен жеке шаруашылық ұстап өнімін сататындарды жатқызады.

Жалпы, Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы мәз емес. Осы санаттағылардың 24,8%-ы (528,9 мың адам) былтырғы төртінші тоқсанда айына 60 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін табыс тапқан. Тағы 358,9 мың азамат ең төменгі жалақыдан төмен табыс тапты: 37,4 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін. Тағы жарты млн-ға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы 100 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін болды. Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санында медианалық табыстан (204 мың теңге) айтарлықтай төмен жалақы алатын тәуелсіз жұмысшылар басым болды: 81,4% немесе 1,7 млн азамат.

Табысы 500 мың теңгеден асатын ауқатты кәсіпкерлердің үлесі аз болып шықты: бар болғаны 1% немесе 22,3 мың адам. Оның тең жартысының жалақысы 500 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін (10,3 мың адам). 2022 жылдың қазан–желтоқсан айларында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 6 мыңға жуық қазақстандық айына 800 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін алса, осыншама адам миллионер болып есептелді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында табысы 1 млн теңгеден көп өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірнеше есе азайды: бар болғаны 1,2 мың адам.

Миллионер кәсіпкерлердің өңірлер бойынша саны біркелкі емес. Табысы 1 млн теңгеден көп барлық тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 89%-ы алматылықтар (5,3 мың адам) болды. Тағы 9%-ы, яғни 541 адам Астана қаласы мен Ақмола облысында тұрады. Өте аз үлес (шамамен 2%) Маңғыстау және Ұлытау өңірлерінде. Басқа өңірлерде миллиондаған табысы бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жоқ.

Санаттағы барлық азаматтардың 95,1%-ы қала тұрғындары (5,7 мың адам) болып шықты. Тек 293 адам (4,9%) ауылда кәсіппен айналысып, 1 млн теңге табысқа қол жеткізген.

Миллионерлердің жартысына жуығы сауда саласында жұмыс істеу арқылы осындай жоғары табысқа қол жеткізген (44,8%). Табысы 1 млн теңгеден көп өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 21%-дан астамы жылжымайтын мүлік саласында бизнес иелері немесе тәуелсіз сарапшылар болды. Құрылыс саласы үшінші орында (13,3%). Миллиондаған табысы бар өзін өзі жұмыспен қамтығандар ең аза сала ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,2%).

Швейцариялық Credit Suisse (CS) банкінің әлемнің әртүрлі елдеріндегі әл-ауқат деңгейі туралы Global Wealth Report 2022 аналитикалық есебінің деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың соңына қарай Қазақстандағы долларлық миллионерлердің үлесі республиканың ересек тұрғындарының 0,3%-ын құрады. Абсолютті түрде бұл 36,9 мың адам. 2020 жылмен салыстырғанда мұндай деңгейдегі қазақстандықтардың саны 50,9% өсті. Пандемияның бірінші жылында байлығын миллиондаған АҚШ долларымен өлшейтін байлар, дереккөзге сүйенсек, елде 24,5 мың адам болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago