Қазақстанда қанша орыс бар?

Қазақстандағы орыстардың саны, олардың иммиграциясы және эмиграциясы жайында Finprom.kz зерттеу жариялады.

Ұлты орыс азаматтар ҚР-дан қайда кетеді және қайдан көбірек келеді?

Биылғы жылдың басында елде 3,4 млн орыс өмір сүрді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,4% аз.

Өңірлер бойынша орыс халқының ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 469,7 мың адам, былтырғыдан 2% аз. Екінші және үшінші орында Қарағанды облысы мен Алматы қаласы: тиісінше 469,2 мың және 458,9 мың адам.

Орыс ең аз өңір Қызылорда облысы: 14,1 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 1,8% аз.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға 1,3 мың орыс келген – бір жыл бұрынғыдан 5% артық.

Өңірлер бойынша келгендердің басым бөлігі Алматыға қоныстанды: 339 адам, бір жылда 61,4% өсім. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (152 адам) және Қостанай (143 адам) облыстары. Орыстар ең аз келген өңір Қызылорда облысы: небәрі 3 адам.

Сонымен бірге елден кеткен орыстар саны жылына айтарлықтай 15% азайып, 8,1 мың адамды құрады. Көпшілігі Шығыс Қазақстан (1,2 мың адам), Қарағанды (1 мың адам) және Павлодар (989 адам) облыстарынан кеткен.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ҚР-ға келген орыс ұлты азаматтарының басым бөлігі Ресейден келді: олар келген орыс ұлтты азаматтардың 83,3%-ы немесе 1,1 мың адам. Одан кейін Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Беларусь және Украинадан келді.

Кеткен орыстардың басым бөлігі де негізінен РФ-ға кетті: кеткен орыстардың 91,7%-ы немесе 7,4 мың, алайда көрсеткіш былтырғыдан айтарлықтай 15,4% азайды. Орыстардың кеткен басқа елдер Германия, Беларусь, АҚШ, Польша және Канада.

Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Ресейден түрлі ұлттардан 1,7 мың азаматы келген, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,9% аз. Олар негізінен Алматы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына келіп орналасқан.

Бұл ретте ҚР-дан Ресейге түрлі ұлттардан 9,9 мың азамат кеткен, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,2% аз. РФ-ға кететіндердің көпшілігі Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан.

Ескерту: ҚР-дан РФ-ға кеткендердің саны бес жыл бұрынғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,9%, он жыл бұрынғыдан 11,7% азайды. РФ-дан ҚР-ға келгендердің саны бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 23,5%, он жыл бұрынғыдан 36,4% азайды.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago