Categories: Қоғам

Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейді

Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасындағы кейбір деректерге тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның мәліметінше, отбасын қолдау орталықтарының қызмет бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Отбасын қолдау орталықтарының қызметтерін пайдаланбағанын, 19,3-ы сауалнамадан алғаш рет олардың бар екендігі туралы білгенін және тек 7,1%-ы ғана осы орталықтарға жүгінгенін айтты. Әсіресе, Отбасын қолдау орталықтарының қызметімен Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары таныс емес болып шықты. 

Азаматтық некеге көзқарасы бойынша орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25%-ы азаматтық некеге оң көзқараспен және 30%-дан астамы бейтарап қарайды, яғни Қазақстанда әрбір бесінші неке тіркелмеуі мүмкін. Қолдамайтындардың үлесі — 32,8%. Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі. Баяндамаға сәйкес, қазір ата-аналар жұмысбастылықпен балаларына тиісті уақыт пен көңіл бөле бермейді. Балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйел адамдарда 44,5% болса, ерлерде – 25,6% екені анықталды. Бала тууды жоспарлау бойынша сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-ы бала тууды жоспарлау қажет деп санайды, 15,2%-ы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған,

деді спикер.

Бүгінде қоғамда талқыланып жүрген әкелер институтының мәселелері бойынша респонденттердің 54,1% әкенің бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі, отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз еткен маңызды деп жауап берген.  

Әрине, отбасы материалдық тұрғыдан жеткілікті болуы қажет, алайда бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші орында қалып қойып отыр. Сондай-ақ қоғамда жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелер де бар, оған қоса ерекше балаларды, науқас балаларды өсіріп отырған әкелер егде жастағы және жас әкелер бар. Бұл әкелер де психологиялық, ақпараттық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық көмек қажет деп есептейміз,

деді Нұрбек Матжани.

Бұл ретте спикер Ұлттық баяндаманы дайындау барысында осыған дейін жасалған түрлі зерттеулердегі деректер мен материалдарды сараптап, респонденттермен сауалнама және сұхбаттар жүргізілгенін атап өтті. Бұл отбасы институтындағы, отбасы саясатындағы кең көлемде жинақталған мәселелерді, отбасыда қалыптасқан мінез-құлық паттерндерін жүйелі түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

11 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago