Categories: Экономика

Қазақстанда бір банда – қазақи пропаганда

Есеп комитеті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты ұйымдардың 2018 жылдан бастап 2021 жылдың жазына дейінгі шығындарының тиімділігіне аудит жүргізді. Есептен анық байқалатыны, мемлекет «мемлекеттік тапсырыс» деп қойып, жүздеген миллиард теңгені жұмсайды екен.

Ең бастысы – ҚР «БАҚ туралы» Заңында «мемлекеттік ақпараттық саясат» деген түсінік те, анықтама да жоқ.

Сонымен, Қазақстанда 3600 БАҚ бар. Елде 249 шетелдік телеарна, 161 қазақстандық телеарна жұмыс істейді. 471 желілік басылым бар.

Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық саясатты «жүргізу» үшін мемлекеттік және жекеменшік БАҚ-тарға «демеушілік» жасалады. 2,5 жылдың ішінде мемлекеттік БАҚ-тар 140,478 млрд теңге, жекеменшік БАҚ-тар 13,200 млрд теңге алды.

Ең ірі тапсырысты үш ұйым алған: «Қазтелерадио» АҚ (9,059 млрд теңге), «Хабар» (51,173 млрд теңге), «Қазақстан» (69,072 млрд теңге).

Есеп комитеті көптеген былықты ашты. Мысалы, 2020 жылға 56 млрд теңгенің бюджеттік өтініші берілмеген, енді бір жағдайда сұраушы тарап 54 млрд теңгеден астам ақшаны не үшін алғанын түсіндірмеген.

2021 жылы ТВ-жобалар үшін тіпті Ұлттық қордан 477,1 млн теңге сұратқан.

«Хабар агенттігі» 2021 жылы «Ecomeken» реалити-шоуын 205,8 млн теңге тұратын арнайы жоба деп анықтаған. Ол арнайы жоба болмаса, құны 34,5 млн теңгеден аспас еді.

50 автокөлігі бар «Қазтелерадио» 34 млн теңгеге LandCruiser 200 сатып алыпты. «Хабар» 15,7 млн теңгеге Lexus ES250 алдыртқан.

Ең қызығы, «Хабар» баспанаға зәру адамдар деп, екі қызметкерін үй беру үшін есепке қойған. Сөйтсек, ол екеуі қарапайым қызметкер емес, экс-басқарма төрағасы Ажибаев пен департамент директорының орынбасары Мурадян екен. 2019 жылы Ажибаев жалға берілген пәтерді 24,4 млн теңгеге сатып алған. Бұл шешімді шығарған Баспана комиссиясының төрағасы әлгі Ажибаевтың өзі болған!

«Қазақпарат» АҚ екі жылда өзіне 216,7 млн теңгенің премиясын төлеген!

Ақпарат министрлігі КТК телеарнасына өзінің аса қымбат жылжымалы телестанцияларын (ПТС) сеніп тапсырады. Техниканы пайдаланудан түскен табыстың 80%-ын бюджетке бересіңдер деген талаппен. Ал КТК не істеген? ПТС-ті «Қазақстан» телеарнасына арендаға берген, 146,5 млн теңгеге. Бюджетке беруі тиіс 80% табысты төлемеген.

«Хабар» АҚ жыл сайын «Kazakh TV» каналының сигналын Ресей аумағына таратамын деп, 2,408 млрд теңгені жоқ қылған.

Соншама шығынға қарамастан, мемлекеттік ақпараттық саясаттың нәтижесі тиімсіз деп бағаланды. «Хабар» мен «Қазақстан» деген қу телеарналар дубляж жасалған сериалдарды отандық сериал деп көрсетіп жіберген.

3,897 млрд теңге алған, ҚР мемлекеттік саясатындағы негізгі басымдықтарды түсіндіруге бағытталған контент жасауы тиіс «Еуразия бірінші арнасы» оның орнына ресейлік жаңалықтарды тықпалаған. Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің, Алтын Орданың мерейтойына орай хабар көрсетудің орнына «православ христиандар Рождествоны қалай атап өтті» деген жаңалық көрсеткен.

Міне, қазақстандық пропаганданың ұсқыны осындай екен.

Аудит қорытындысы бойынша,

  • бюджет қаражатын пайдалану кезінде 814,9 млн теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар табылды
  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаудан 281,6 млн теңге шығын келтірілгені анықталды
  • бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімсіз пайдаланудан 11,634 млрд теңге шығын келтірілген
  • жоғалған мемлекеттік активтердің сомасы 8,109 млрд теңге, жоғалуы мүмкін және алынбай қалуы мүмкін табыс сомасы 454,7 млн теңге деп бағаланды.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago