Қазақстанда бір жылда жаңа баспана 17,3%-ке қымбаттады

Елде бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3%-ке артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе – 30,3%, Семей – 26,9%, Ақтау – 25% қалаларында қымбаттады.

Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы ең қымбат бағалар Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%) анықталды.

Бір айдың ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 1%,  жаңа тұрғын үйді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 2,4% төмендеді.

Статистер ұсынған мәліметке сүйенсек, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6%-ке артты.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago