Categories: Білім

Қазақстанда биыл ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек

Биылғы ҰБТ аясында жоғары оқу орындарына түсуге арналған шекті балл өзгерген жоқ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Биылғы ҰБТ-ның басты жаңалықтарына тоқталсақ, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаты» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгеріс енгізілді. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады, «Оқу сауаты» бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады,

деді Қ. Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика» пәні ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясының тізіміне енгізілді. Осы тұрғыда «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсетіндер «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырады.

Шекті балл өзгерген жоқ. «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек,

деді вице-министр.

Айта кетсек, биыл 18 мамырда осы жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

19 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago