Categories: Қоғам

Қазақстанда блогерлер салық төлеуге міндеттеледі

Мәжіліс онлайн платформалардың жұмысына қатысты заң жобасын жұмысқа алды. Бұл туралы депутат Айдос Сарым мәлім етті.

Мәжіліс депутат ұсынған «онлайн платформалар» мен «онлайн-жарнама» туралы заң жобасын жұмысқа алды. Оның негізінде болашақта Салық кодексі сияқты ауқымды құжаттардың дайындығын қамтамасыз етеді. Оның ішінде көптеген жаңа ұғымдар бар. Мақсатты, таргеттік жарнама деген түсінік енгізіледі. Осының негізінде мемлекеттік, салық, қаржы органдары тиісті органдармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл — әділеттік мәселесі.

Мысалы, журналистер еткен еңбегі үшін салық төлейді. Ал көп азамат заңдағы олқылықты пайдаланып, конвертпен ақша алуға жоқ емес. Бұл заң қабылданатын болса, онлайн-платформалардың жұмысын реттейді.

Айдос Сарымның сөзінше, белгілі бір қолданушының саны асқан соң, әлеуметтік платформа бірқатар мәселені қамтуы керек болады.

Яғни, кез келген әлеуметтік желінің контенті орыс тілінде жазылып, испан тіліне аударылса, қазақ тіліне де солай аударылуы керек. Қазақ тілінде заңсыз контент болса, өздері модерация жасай алуы керек. Яғни, қазақша білетін маман болуы керек. Жалған ақпарат берушілерді жазалау сияқты өзгерістер енгізіледі. Қазір кейбір азамат халықтан млрд-таған қаражатты қайырымдылық үшін жинап жатады. Ол қайда кеткенін ешкім есептемейді, салық та төленбейді. Қоғамдық тыңдаулар өткіземіз. Кейін жұмыс тобы құрылуы керек,

деді ол.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Путин Иран президентін жерлеу рәсіміне бармайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…

7 часов ago

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…

8 часов ago

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

11 часов ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

1 день ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

2 дня ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

2 дня ago