Фото: ашық дереккөзден
Биыл Тойота Камри 80 моделі премьера ретінде автосалонда көрсетіледі. Ал 2024 жылы Қазақстанға жетпек. Бірақ оның бізде баяғыдай жаппай сатылуы күмәнді, деп жазады Dalainside арнасы.
Тойота ай қарап жүргенде корей мен қытай автопромы Қазақстанды толық жаулап алды. Тіпті жаңа Camry дизайны да корей мен қытай көліктерін қайталайтын сияқты. Мысалы, алды жағы JАС пен Elantra-ға қатты келеді. Арты аумаған Қытайдың Xpeng көлігі.
Camry өзгелер жасаған мода аясынан шыға алмағанын байқатты. Жіңішке диодтар, үлкен ауа жұтқыш, кузовқа тігістіріліп кірілген тұтқа, 2 дисплейі болады. Бірақ мұны бізге КИА, Hyundai, Exeed, Jac маркалары баяғыдан бері көрсетіп қойған болатын.
Қазақстан нарығында жаңа Camry бағасы 22 миллион теңгеден басталатын болады. Мұндай баға әрине сату көлемін тежейтіні анық. Кезінде Lada-дан кейін сатылым бойынша екінші сатыда жүрген Camry жыл сайын өз позициясын жоғалтып, енді бесінші орынға құлдырады.
Абсолютті хит — Шевроле Кобальт. 2022 жылы (қаңтар-қараша) бізде 30 749 Шевроле сатылған. Ал Тойота бар болғаны 8593 көлік сата алған. Бір жағынан бұл адамдардың жаңа көлікті, бірақ арзандауын таңдай бастағанын көрсетеді. Демек, Қазақстанда Camry дәуірі аяқталды деуге толық негіз бар.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…