Categories: Қоғам

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандықтар қандай

Еліміздің барлық аймағында ауыл шаруашылығы мамандары тапшы болып отыр.

Биылғы сәуірде Электрондық еңбек биржасында 85,9 мың бос жұмыс орны және 73,9 мың түйіндеме орналастырылған. Наурызбен салыстырғанда бос орындар саны 12,5 мыңға,  ал түйіндеме –10,4 мыңға өсті. Бос жұмыс орындарының да, түйіндемелердің де өсуі негізінен елдің барлық дерлік аймағында ауыл шаруашылығы саласындағы белсенділік есебінен болды.

Біліктілігі жоқ жұмыскерлерге сұраныстың айтарлықтай өсуіне қарамастан (42% немесе 6,5 мың), біліктілік құрылымында бос жұмыс орындарының саны бойынша ең үлкен сұраныс орта білікті мамандарға (барлық бос жұмыс орындарының 40%) әлі де сақталуда.

Біліктілігі жоғары кадрларға қажеттілік шамалы өсті – 29,1 мыңнан 29,7 мыңға дейін, яғни 2%-ға ғана өсті, бұл ретте еңбек нарығында орташа білікті қызметкерлерге қатысты сұраныс пен ұсыныс арасында үлкен алшақтық байқалды: қажеттілік 1,5 есе жоғары болды – 22,5 мың түйіндемеге 34,5 мың бос орын.

Атырау және Қарағанды облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде кадрлар жетіспей отыр. Сонымен қатар Жетісу облысында жұмыс берушілердің белсенділігі сәуірде екі есеге жуық, яғни 1,8 мыңнан 3,5 мыңға дейін өсті. Негізінен ауыл шаруашылығы жұмыскерлері тапшы.

Сәуірде біліктілігі жоқ жұмыскерлермен қатар автомобиль жүргізушілері (1,9 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,6 мың бос жұмыс орны) және тәрбиешілер (1,4 мың бос жұмыс орны) жоғары сұранысқа ие болды.

Сонымен қатар онлайн-сату менеджері (457 бос жұмыс орны), жол жөндеушілер (428 бос жұмыс орны) және абаттандырушы (411 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтардың жұмысшыларына сұраныс артты.

ЭЕБ мәліметтері бойынша, сәуір айында еңбек нарығында ең сұранысқа ие және тапшы кадрлар күзетшілер мен тәрбиешілер болды. Мәселен, тәрбиешілер:

  • Қарағанды облысында 165 бос орынға — 23 түйіндеме
  • Астанада  164 бос орынға — 42 түйіндеме
  • Алматыда 119 бос орынға — 56 түйіндеме

Бұл өңірлерде ізденушілердің сұраған жалақы деңгейі жұмыс берушілер ұсынған еңбекақы мөлшерінен 1,5 есе асып түскенін айта кету керек.

Күзетшілер:

  • Павлодар облысында 223 бос орынға — 38 түйіндеме
  • Астана 177 бос орынға — 39 түйіндеме
  • Алматы 161 бос орынға — 49 түйіндеме

Бұл ретте ізденушілер айына 150 мың теңгеден бастап еңбекақы күтуде, ал жұмыс берушілер 110 мың теңгеден бастап ұсынуға дайын болды.

Кадрлардың көптігі дәстүрлі түрде елдің оңтүстік өңірлерде байқалды. Мәселен, Түркістан облысында түйіндеме саны 6,2 мыңға, Маңғыстауда – 2,6 мыңға, Қызылорда облысында – 2 мыңға және Шымкент қаласында – 1,6 мыңға артты.

Кәсіптер бөлінісінде білікті ізденушілер арасында қазандық жабдықтарының операторлары көп болды – ұсынылған бос жұмыс орындарының саны небәрі 29-ды құраса, ал ізденушілер 596 түйіндеме орналастырды, олардың үштен екісі Батыс Қазақстан облысында берілді. Сондай-ақ, тігіншілер (760 түйіндемеге 355 бос жұмыс орны) және заңгерлер (802 түйіндемеге 415 бос жұмыс орны) көп болды. Бұл ретте заңгер-ізденушілердің 33%-ы мегаполистердің тұрғындары.

Ізденушілердің жас құрылымы өткен айда іс жүзінде өзгерген жоқ – ең белсенді категория – 16-35 жас аралығындағы жастар.

Өз түйіндемесінде сұралған жалақының ең жоғары мөлшерін көбінесе корпоративтік сектордың бас директорлары, инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар және тауар биржасы бойынша трейдерлер арасында ізденушілер – орта есеппен 1,5 млн теңгеден, өнеркәсіптік альпинистер – 1,2 млн теңгеден, өнеркәсіптегі қызмет бастықтары – 900 мың теңгеден бастап көрсетті. Ал жұмыс берушілер капитанның вахталық көмекшілері үшін – орта есеппен 800 мың теңгеден, бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі басшылар үшін – 700 мың теңгеден, сондай-ақ бұрғылау қондырғысының механиктері мен өнеркәсіптік жабдықтардың механиктері үшін орта есеппен 664 мың теңгеден астам еңбекақы төлеуді ұсынды.

Осылайша, сәуірде алдыңғы айлармен салыстырғанда, ЭЕБ-да жұмысшыларды іздеу және жалдау үрдісінің өсуі байқалды. Ауылшаруашылық бизнесін жүргізу үшін қолайлы ауа райының басталуына байланысты еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері осы саладағы кадрларға сұраныстың артуына ықпал етті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

10 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

18 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

18 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago