Қазақстанда ең жоғары зейнетақы қанша?

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан асты.

1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 триллион теңгеден (немесе 10,2 пайыз) артық көрсеткішке ие.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтар да шамамен тура осындай өсім — 9,9 пайыз немесе 1,2 триллион теңгені көрсетті. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 триллион теңгеден астам қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% пайыз ұлғайып, шамамен 436 миллиард теңге болды,

делінген қор хабарламасында.

Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді — 94,5 пайыз — ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 миллиард теңгеден асты.

2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 триллион теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайыз көп. Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29 пайыз (немесе 329,5 миллирд теңгеге), МЗЖ — 39 пайыз (немесе 19,4 миллиард теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім — 212 пайыз немесе 1,4 миллиард теңге ЕЗЖ шоттарында болды.

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 триллион теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 миллиард теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58 пайыз төмендеді.

Жасы бойынша төлемдер 22,6 пайыз ұлғайып, шамамен 109 миллиард теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы — 707 326 теңге,

делінген хабарламада.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago