Categories: Қоғам

Қазақстанда енді бөтен елдің көлігі сақтандырылмайды

Бөтен елде тіркелген машинаға тек басқа елдің азаматы полис рәсімдей алады.

Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады, дейді kolesa.kz.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Онда басқа нормалармен қатар көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер бар.

12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толығады. Онда былай жазылған:

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган бөлімдерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасауына рұқсат берілмейді».

«Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады.

Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығару қажет.

Осылайша, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға, яки шетелдіктің не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды, сәйкесінше, бір-біріне сақтандыру арқылы сата да алмайды.

Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандырады.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago