Фото: versiya.info
Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылады!
Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазір 8,5 млн жуық қазақстандықтың қарызы бар, оның 1,6 млн жуығы қарызын уақытында өтей алмай жүр. Несиені төлеу мерзімі 90 күннен кешіккен қарыздың жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі, сәйкесінше қарыз сомасы ұлғайып, оны төлеу қиындай түседі.
Заң жобасында қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық несиелер бойынша 90 күннен асқан берешегі бар тұлғаларға сыйақы есептеуге тыйым салу көзделген. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты.
Сондай-ақ несие өтемеген мерзімі 90 күннен асатын азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несиелер беруге тыйым салынады. Алайда бұл норма жеке тұлғаның қарызын өтеу үшін банктен берілетін қарызға қолданылмайды.
Құжатқа қарыз алушының несие бойынша ай сайынғы төлемінің ресми табысының жартысынан аспауы туралы талап енгізілген. Оны банктер мен микроқаржы ұйымдары сақтауға міндетті болады. Бұдан бөлек тұтынушылық кредит ұғымы енгізіледі және нормативтік деңгейде оның ең жоғары мәні шектеледі (банктер үшін – 5 млн теңге, микроқаржы ұйымдары үшін – 2 млн теңге).
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…