Categories: Қоғам

Қазақстанда фейк таратқан блогерлерге айыппұл салынады

Биыл төрт айда 29 қазақстандық блогер әлеуметтік желіде таратқан ақпаратына байланысты тексерілді. Бұл туралы «Ауыл» партиясының депутаттық сауалына жауап берген бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Бас прокурордың айтуынша, биыл төрт айда ішкі істер органдары блогерлердің әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 29 соталды тергеуді тіркеген.

Оның ішінде тек бір іс сотқа жіберілді, сегізі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, сегіз қылмыстық іс бойынша да соталды тергеп-тексеру мерзімі тоқтатылды (қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған тұлға анықталмады), қазір 12 іс қаралып жатыр,

деп түсіндірді Берік Асылов.

Жалпы, әлеуметтік желілердің мониторингін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізеді. Жазбаларда заңбұзушылықтар анықталған жағдайда оларды Ішкі істер министрлігіне жолдайды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиасфераның даму үрдістерін ескере отырып, осы саладағы заңнаманы қайта қарау қажетін атап өтті. Осы тапсырманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен келісілген және Парламент Мәжілісіндегі «онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң жобасы әзірленді,

деп толықтырды Бас прокурор.

Заң жобасының негізгі мақсаты — онлайн-жарнаманың жұмыс істеуінің, сондай-ақ, онлайн платформалар қызметінің құқықтық негіздерін айқындау. Заң жобасында «инфлюенсер» (блогер) — белгісіз тұлғалар тобына бағытталған және өзінің және өзге де қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, оның ішінде қоғамда жекелеген пікірлердің қалыптасуына ықпалы бар онлайн-платформаларда ақпарат тарататын тұлға.

Асылов жалған ақпарат тарату деректерінің өзекті болып келе жатқанын, сондықтан мұндай бұзушылықтарда қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілікті енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Егер бұл заң жобасы қабылданса, интернет кеңістігінде көрінеу жалған ақпараттың таралуына қарсы тұру үшін қажетті жағдай жасалады,

деп атап өтті Берік Асылов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago