Атақ және ақша

Қазақстанда фонограммаға қарсы петиция пайда болды

Қазақстанда фонограммаға қарсы петиция пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петиция авторы — Серік Әбішев атты азамат.  

«Қазақстанда музыка саласы белсенді дамып келеді. Ай сайын республика өңірлерінде жергілікті және шетелдік әртістердің концерттері өткізіледі. Аудитория ерекше тәжірибе мен орындаушылармен эмоционалды өзара әрекеттесуді күте отырып, концерттік бағдарламалардың сапасыздығына, атап айтқанда фонограмманы кеңінен қолданылып жатқанын көреді. Сонымен қатар, соңғы жылдары концерттерге билеттердің құны айтарлықтай өсіп кеткен. 

Біз, Қазақстан азаматтары, қазіргі жағдайға наразылығымызды білдіреміз және еліміздің музыка индустриясында фонограмманы пайдалануды реттеуді талап етеміз», — дейді петиция авторы. 

Серік Әбішев осыған байланысты бірнеше ұсыныс жасады: 

  • музыкалық қойылымдарда фонограммаларды пайдалануға тыйым салу;
  • шығармашылық дамуы үшін жағдай мен ынталандыру жасай отырып, жанды дауыста өнер көрсетуді қалайтын отандық әртістерді қолдау;
  • музыкалық мәдениетіміздің болашағын қамтамасыз ету үшін жас музыканттарды оқыту және қолдау.

Фонограммаларды қолдануға тыйым салу аудиторияның мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, музыканттардың шеберлігі мен ерекше стилін көтермелеу арқылы олардың дамуына ықпал етеді. Біз осы маңызды мәселені қоғамда талқылауға және мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз,

делінген петицияда.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago