14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады.
«Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей эфирде көрсету құқығын иеленді.
Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы ел аумағында онлайн трансляция жасалады.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболсүйер қауымның сұранысын ескере отырып, тұрақты түрде ірі спорттық жарыстардан көрсетілімдер ұсынып келеді. EURO 2024 көрсетілімінің құқығы Корпорацияның коммерциялық табысы есебінен сатып алынды. Қазақстандық көрермен бір ай көлемінде екі арнадан Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуін тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында бір ай бойы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді»
деді «Қазақстан» телеарадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
XVII Еуропа Чемпионаты аясында «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында 20-ға жуық комментатор қызмет етеді.
24 команданың қатысуымен өтетін UEFA EURO 2024 ойындары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда ұйымдастырылады. 14 маусым күнгі алғашқы матчта Германия – Шотландия құрамалары кездеседі. Финал 14 шілдеде Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтеді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…