Қоғам

Қазақстанда әйелдерге арналған жолаушылар вагонына сұраныс жоғары

2023 жылдың 10 айында 130 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонында» жол жүруді таңдады.

Салыстырып айтқанда, өткен жылы әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген. 2021 жылдың 3 айында еліміздің әдемі жартысының неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарын қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап 13 мыңнан астам жолаушы «әйелдер вагонында» сапарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында қатынап жүр:

— №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны;

— №351/352 «Алматы – Өскемен» №10 купе вагоны.

— №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны;

— №37/38 «Маңғыстау – Семей» №06 купе вагоны;

— №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны;

— №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1» №06 купе вагоны;

— №4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;

— №71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

«Әйелдер вагонында» жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне жол беріледі.

Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар арасында «әйелдер вагоның» енгізу қажеттілігі туралы онлайн сауалнама жүргізгеннен кейін ғана қызметті іске асырды. Сауалға жауап қатқандардың көпшілігі, атап айтқанда 82% қолдап, 13% теріс және 5% бейтарап жауап берген еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago