Categories: Галерея

Қазақстанда көкқұс «жыл құсы» атанды

2023 жылы Қазақстанда көкқұс «Жыл құсы» болып жарияланды. Былтыр жыл құсы бұлбұл болған.

Көкқұс ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Тау өзендерінің шуын жауып тұрған көкқұстың ерекше флейта ысқырығы секілді даусын ештеңемен шатастыру мүмкін емес.

Көкқұс — Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздес отрядының сайрақ тұқымдас құстарға жататын 13 туыстың бірі. лыстан реңі қара сайраққа ұқсайды, тек қана көкқұстың жабын қанаты барқыт түстес қара емес, ақшыл көк реңкті жалтыраған қошқыл көк түсті, бұл рең әсіресе маңдайы мен қанатында өте қоюлау. Екі түсті, мықты тұмсығының үстіңгі қыры- қошқыл қоңыр, тұмссықасты бөлігі- ашық сары және ұшы төмен қарай иіліп, ілмектеніп бітеді. Қанатының үстінде көлденең ұсақ, ақ теңбілдері болады Қазақстанда көкқұстың таралу шекарасы солтүстікке қарай өтеді.

Мұнда ол тек қана Батыс және Солтүстік Тәңіртау жоталарының жартасты шатқалдарында қоныстанады. Оның үстіне Қазақстанда қыста мекендейтін көкқұстар жылма-жыл көктемде наурыз-сәуірде пайда болып, оңтүстікке қарай бір жаққа жылыстайды. Көкқұстың бауыры сайрақтарға қарағанда, соның ішінде өзіне алыстан ұқсайтын қара сайраққа қарағанда әлдеқайда жерден көтеріңкі. Әдетте судан шығып тұрған жартастардан немесе жағалаудағы тастардан жемін іздеген кезде көрінеді, кейде бауырын суа малып жүгіріп жүреді. Шомылуды ұнатады, күніне бірнеше рет шомылады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

22 часа ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

23 часа ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

24 часа ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

24 часа ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago