Экономика

Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда

ҚР ҚМ МКК деректері бойынша шілдеде шетелден 16,7 мың жеңіл автокөлік әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе немесе 12,2 мың бірлікке артық. Көрсеткіш 5 ай қатарынан өсіп келеді, оның 4-і тарихи максимумдарды жаңартты, деп хабарлайды DataHub.

Жалпы алғанда, 7 айда Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда төрттен бірге көп автомобиль импорттады – былтырғы 67,4 мың бірлікке қарсы 82,7 мың бірлік.

Қай елдерден әкелініп жатыр?

Қаңтар-шілде айларында Қазақстан бұрыннан көптеп автокөлік импорттайтын елдер позицияларын жақсартты. Абсолютті өсу бойынша көшбасшылар:

Қытай – 26,5 мың бірлік (+22,1мың бірлік). Айтпақшы, ол жергілікті нарықты белсенді қамтуды жалғастыруда;

  • АҚШ – 17 мың бірлік (+12,8 мың бірлік);
  • Жапония – 16,5 мың бірлік (+8 мың бірлік);
  • Корея Республикасы – 10,5 мың бірлік (+3,4 мың бірлік);
  • Германия – 2,9 мың бірлік (+2,5 мың бірлік).

Бір қызығы, Ресейден көлік импорты анағұрлым азайды. Қаңтар-шілдеде ол 0,3 мың бірлікті құрады, ал бір жыл бұрын – 7,4 мың бірлік болған. Бұл ретте Қазақстаннан осы бағыттағы авто экспорты, керісінше, 0,9 мың бірліктен 8,6 мың бірлікке дейін айтарлықтай өсті.

Қаржы мәселесі

Шілде айында шетелдік автокөліктерді сатып алу шығындары 357,1 миллион долларға жетті. Бір жылда олар 3 есеге немесе 243,6 миллион долларға өсті. Және бұл да жаңа тарихи максимум. Бірақ 7 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 1,79 млрд доллар деңгейінде қалыптасты. Бір қызығы, былтыр 2022 жылдың қорытындысы бойынша сатып алу шамамен осыған ұқсас соманы құраған — $1,82 млрд.

Алдыңғы қатарда – баяғы сол елдер. Қаңтар-шілде айларында Жапония Қазақстанға автомобиль жеткізуде ең көп табыс тапты — $538,3 млн (+$187,7 млн бір жыл бұрын). Мықты өсімге қарамастан, Қытай тек екінші орында — $441,8 млн (+$389,1 млн). Басқа ірі импорттаушылардың нәтижелері де әсерлі, бірақ айтарлықтай емес. Өзіңіз бағалап көріңіз:

  • АҚШ – $281 млн (+$210,9 млн);
  • Германия — $155,4 млн (+$126 млн);
  • Корея Республикасы — $153,2 млн (+$115,1 млн).
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago