Биыл маусымның қорытындысы бойынша, жеке көліктерді пайдалану бір жылда 15,7% қымбаттады.
Соның ішінде қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар, сондай-ақ жанармай материалдары бір жылда 15,9%, техникалық қызмет және жөндеу 14,6% қымбаттады.
Бағаның ең көп өсуі Ақтөбе (20,7% өскен), Шығыс Қазақстан (20,3% өскен) және Солтүстік Қазақстан (19,7% өскен) облыстарында, ең азы — Ұлытау облысында (8,1%) байқалды.
Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар Астанада (34,2%) айтарлықтай өсті, ең азы — Жетісу облысында (бар болғаны 1,4%).
Жанармай материалдарының бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өсті (20,5%), ал ең аз қымбаттау Ұлытау облысында (8,1%) қымбаттады.
Техникалық қызмет және жөндеу қызметінің ең көп жылдық қымбаттауы Ақтөбе облысында (бірден 72,6%), ең азы — Шымкентте (0,8%) байқалды.
Жеке көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың ішінде жеңіл автокөлік шиналары бір жылда орта есеппен 18,2%, май сүзгілері 13,4% қымбаттады.
Жанармайдың ішінде бір жылда бензин 12%, дизель отыны 36,1%, мотор майы 22,9% қымбаттады.
Саладағы қызметтердің ішінде техникалық тексеру — 8,9%, шиномонтаж қызметі — 12,4%, көлік жуу — 22,2% қымбаттады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…