Отбасыларға берілетін мемлекеттік көмек кеңейтіледі. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Кодекс отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға бағытталып отыр. Цифрлық картаны қанатқақты жоба ретінде іске асыру барысында көпбалалы отбасылардың әлеуметтік қатерлерге тап болу ықтималы жоғары екенін көрдік. Осы орайда әлеуметтік кодексі жобасында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы біртұтас жүйесін толық сақтау және оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылды. Нақтылай кетейін, бүгінгі балалы отбасыларды қолдау жүйесі халықаралық стандарға сәйкес жүктілік және босану, бала туу, бала күтіміне байланысты төлемдерді, көпбалалы аналар және мүгедіктігі бар балалы отбасыларға қарасты төлемдерді және табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектерді қамтиды,
деді Дүйсенова.
Оның атуынша, кодекс жобасына енгізілетін жаңа параметрлер отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50% көлеміндегі бастапқы капитал қосымша көмек көзі болмақ. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылатын болады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрлемақы мөлшері өседі және олар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылатын болады. Тағы бір маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болады. Бұл ретте экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді. Атап айтқанда, 8-ден астам ел осы көрсеткішті пайдаланады және оны отбасы әл-ауқатының нақты дәрежесін көрсететін өлшем ретінде белгілеген. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40% құрайды, ал Канадада – 50%, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60%. Біз де осы тәжірибені енгізгелі отырмыз,
деді министр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…