Көпбалалы ана мен көпбалалы отбасыға кімдер жатады?
Қазақстанда бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар «көпбалалы» саналады.
Ал 6 және одан көп баланы дүниеге әкелген әйелдер көпбалалы аналарға жатады. Алты баласы барлар «Күміс алқа», ал 7 не одан көп баласы барлар «Алтын алқа» алқасымен марапатталады.
Балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы
Сәби туғанда үйде отырған және жұмыс істейтін аналарға біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:
Сонымен қатар бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы аударылады.
Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша тағайындалатын жәрдемақының мөлшері:
Декретке дейін жұмыс істеген аналардың бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Оның мөлшері бала туғанға дейін соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
2020 жылдан бастап Қазақстанда 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл ретте отбасының табысы есепке алынбайды.
Жәрдемақы бала санына қарай есептеледі:
Наградталған ана
Биылдан бастап Қазақстанда «Наградталған ана» мәртебесі енгізіледі. Мұндай статус «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
«Алтын алқа» иегерлерінің жәрдемақысы
2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға 7,4 АЕК немесе 25 530 теңге жәрдемақы төленеді.
Қазір көпбалалы аналарға ай сайын 6,4 АЕК немесе 22 080 теңге төленіп жүр.
Көпбалалы аналар зейнетке ерте шығады
Заңға сәйкес, 5 немесе одан көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар 53 жасында зейнетке шығады.
Көпбалалы аналарға берілетін жеңілдіктер
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған баспананы бірінші кезекте алуға құқылы.
Сонымен қатар «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар бірқатар салық пен баждан босатылған:
Бұдан бөлек, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді. 2023 жылы көпбалалы аналар үшін сақтандыру қорына 4 505,6 теңге аударылады.
Көпбалалы аналар қоғамдық көлікпен тегін жүреді
«Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар қалалық және қала маңына қатынайтын автобустарда тегін жүре алады.
Тегін автотұрақ
«Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері Астанадағы ақылы автотұрақтарға көлігін тегін қоя алады. Көпбалалы аналарға мұндай жеңілдік бастапқыда 3 жылға беріледі. Кейін мерзімін ұзарту үшін қайта құжат жинап, тапсыру қажет.
Жеңілдікке ие болу үшін Аstanapark.kz сайтына кіріп, онлайн өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Көпбалалы аналардан қандай құжат талап етіледі:
14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…
Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…
Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…