Categories: Экономика

Қазақстанда күріш қымбаттады

Күріш өндірісі азайды.

Биыл қаңтар–мамырда республикада 72,1 мың тонна қауыз немесе жарма күріш өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 19% аз.

Өңірлер ішінде барлық өнімнің 90,4%-ы дәстүрлі түрде Қызылорда облысының үлесіне тиеді: 65,2 мың тонна, жылдық азаю 21,3%. Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында да тиісінше 4,7 мың, 2 мың және 138 тонна өндірілді.

Жалпы, 2022 жылы республика бойынша 213,4 мың тонна күріш өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8% көп.

Биыл қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық күрішшілер сектордағы сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 95,3%-дың орнына 91,9% қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 8,1% өсті: елге 5,1 мың тонна күріш әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 45,5% көп.

Ағартылған күріш экспорты бұл ретте 11,8% артып, 32 мың тонна болды. Ал пайдаланылған ресурстардағы экспорт үлесі былтырғы 38,2%-дан биыл 50,6%-ға өсті.

Ішкі нарықтағы сатылым, керісінше, бір жылда бірден 32,6%, 31,3 мың тоннаға дейін қысқарды.

Биыл қаңтар–сәуір қорытындысы бойынша Қазақстаннан 11,3 млн АҚШ доллары сомасына 32,7 мың тонна күріштің барлық түрі экспортталды. Өсім физикалық мәнде 12,3%, ақшалай түрде 3,1% ғана болды.

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтіледі: 11 млн АҚШ долларына 32,4 мың тонна. Экспорт көлемдік мәнде 19,1%, құндық мәнде 11,1% өсті. ТМД елдерінің ішінде қазақстандық күріштің негізгі сатып алушысы Өзбекстан: бір жыл бұрын 1 мың тонна болса, қазір 14,3 мың тонна. Ресей мен Тәжікстан да үздік үштікке енді.

Қазақстан ТМД-ға кірмейтін әлемнің қалған елдеріне 309 тонна күріш жөнелтті, бұл бір жыл бұрынғыдан 84% аз. Мұнда қазақстандық күріш импорты бойынша Моңғолия, АҚШ және Грузия көш бастап тұр.

Елімізде биыл маусымда жылтыратылған және тазартылған күріштің килосы орта есеппен 604 теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 47,6% қымбаттады.

ҚР ірі қалаларының ішінде күріш Оралда (килосына 828 теңге), Ақтауда (килосына 787 теңге) және Астанада (килосына 721 теңге), ең арзаны Талдықорғанда (килосына 459 теңге), Петропавлда (килосына 463 теңге) және Қызылорда (килосына 495 теңге).

Күріш бағасының ең көп жылдық өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 80,7%. Одан кейін Түркістан (74%) және Ақмола (64,6%) облыстарында. Ең аз жылдық өсім Атырау облысында тіркелді, бірақ оның өзі айтарлықтай 21,6%.

Inbusiness.kz хабарлауынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі күріш бағасы көтерілмеуі тиіс деп санайды, тіпті көтерілді дегеннің өзінде жалпы инфляция көлеміндей аз ғана қымбаттауы мүмкін. «Егін азайып жатқан жоқ. Жиналған күріш азаймайды деп болжанады», — деді министрлік басшысы Ербол Қарашөкеев. Дегенмен, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің ерекшелігі — топырақтың қатты сортаңдануы, Сырдариядағы су тапшылығы салдарынан соңғы екі жылда күріш дақылдары азайып, күрішшілер табысы да азайып, шаруа қожалықтарының қарызы өсіп жатқанын айтты.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago