2023 жылдың үшінші тоқсанында жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстан халқының 5,6%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін көрсетті. Бұл ақпартты Ұлттық статистикалық бюро жариялады.
Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 51 710 теңгені құрады.
Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында – 9,6%, ал ең төмені Қарағанды облысы мен Астана қаласында – 2,7% тіркелді.
Бес және одан да көп адамы бар отбасылардағы кедейшілік деңгейі 10% құрады, бұл кедейшіліктің орташа деңгейінің екі есесі.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз Қазақстан тұрғындарының саны екінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамнан асты. Бірінші несие бюросы бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…