Categories: Саясат

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау қай күні өтуі мүмкін?

Қазақстанда күзде өтеді деп жоспарланған кезектен тыс президенттік сайлаудың болжамды күні аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сайлау қарашаның бірінші жартысында, шамамен 13 күні өтеді деп күтілуде»,  – деп жазады ҚазТАГ сенімді дереккөзге сілтеп.

Конституцияға сәйкес, кезекті Президент сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтеді және Республиканың жаңа парламентінің сайлауымен сәйкес келмейді. Ал кезектен тыс президент сайлауы мемлекет басшысының шешiмiмен тағайындалады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда белгiленген тәртiппен және сол мерзiмде өткiзiледi.

Қолданыстағы заңда «Кезектен тыс Президент сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және ол тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізілетіні» жазылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында кезектен тыс сайлау күздің соңына дейін өтетінін айтқан еді.

Еске салайық, Тоқаев президенттікке екінші мерзімге өз кандидатурасын ұсыну ниетін білдірген. Бұдан бөлек парламент пен мәслихат сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген.

2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары сайлауға дейін жеті жылдық президенттік билікті енгізуді және Астана атауын қайтаруды ұсынған.

12 қыркүйекте Тоқаев Конституциялық Кеңестен президенттік мерзімі туралы бастамаларды тексеруді сұрады, кеңес бұл бастамаларды заңды деп санайтындарын айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

5 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago