Қазақстанда киім-кешек бір жылда қаншалық қымбаттады?

Елде бір жылда киім-кешектің бағасы 14,6%-ке өсті. Бұл туралы Еnergyprom.kz мәлімдеді.

бір жылда киім-кешек ең көп Астанада — 25%, Қызылорда облысында — 19,8%, Ақмола облысында — 19% қымбаттады. Ең аз қымбаттаған өңір Ақтөбе облысы — 9,7%.

Бір жылда ерлер киімі 14%, әйелдер киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттады.

Инфографика: Еnergyprom.kz

Биылғы қаңтар–қыркүйекте Қазақстанда киім өндірісі 43,1 миллиард теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 12,7% артық.

Киім ең көп шығарылған өңір Шымкент: 7,4 млрд теңге, бір жылда 44% көбейді. Одан кейін Алматы (6,9 миллиард теңге, 15,2% көбейді) және Алматы облысы (4,2 миллиард теңге, 48,6% азайды).

Инфографика: Еnergyprom.kz

Биылғы қаңтар–тамызда ҚР-ға жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталды.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% аз. Мұнда Өзбекстан Қазақстан үшін негізгі жеткізуші болды: 10,2 мың тонна, 5,4% азайған.

ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізушілер Қытай мен Түркия болды: тиісінше 39,3 мың және 12 мың тонна.

Биылғы қаңтар–тамыз айларында ҚР-ға жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталды.

Инфографика: Еnergyprom.kz

Қазақстандық оқушыларға арналған мектеп формасының түрлерін көбейту жоспарда бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Пенжек, желетке, шалбар, белдемше, жейде және қыздар жейдесінен тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пенжек пен жакетті түймелі және сырғымалы тоқыма жемпір мен кардиганға, ал әдеткі жейделерді поло жейделеріне ауыстыруға мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда түс, түр және басқа да ерекшеліктер мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago