Саясат

Қазақстанда әкім және орынбасарларына мемлекеттік тілді білу міндеттелді

Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осы немесе келесі айда Үкімет «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітеді. Онда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу енгізіледі. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылықтар болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тіл білу міндетелді,

деді Ербол Тілешов президент іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулық негізі» атты дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамада мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу, мемлекеттік тілде заң қабылдау, аударма сапасы мәселелері қарастырылған.

Әсіресе құжаттардың түпнұсқада мемлекеттік тілде дайындалуы маңызды. Мұнда қазақ тілі әлі күнге дейін аударма тілі болып қалуда, бұл шындық. Қазір 30 жылда үлкен мамандар легі қалыптасты, сондықтан талап қозғау керек деп ойлаймын,

деді Ербол Тілешов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago