Фото: freepik
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандық ЛГБТ сайтын бұғаттады.
Бұл туралы KazFace.kz хабарлады.
ЛГБТ сайты бұғатталғанға дейін басты бетінде мынадай мазмұндағы жазбалар болады:
«Selftanu.kz бұл — ЛГБТК+ жасөспірімдер мен өзін-өзі түсінгісі келетіндерге арналған жоба…»
Аталған сайттағы мақалалар мазмұны Қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға арналған ЛГБТ+ жасөспірімдер сайты елімізде алғаш тіркелген күні көпшілік «қарсымыз( деген петиция бастады.
KazFace.kz редакциясы аталған сайтты бұғаттаудың себебі туралы түсініктеме алу үшін ақпарат министрлігіне жүгінді.
«Интернет-ресурстағы мониторинг барысында «selftanu.kz» балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты таратуға байланысты заңнаманың бұзылуы анықталған.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында ЛГБТ қозғалысының идеяларын ашық интернет-ресурстарында тарату қауіпті. Ол мемлекеттік мәдени құндылықтар мен тарихи және дәсүірлі қағидаларымызға қайшы. Балалардың психо-жас ерекшеліктерін ескеріп, ақпараттық қауіпсіздік шараларын орнату негізінде бұғатталған.
Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңда жыныстық-эротикалық сипаттағы материалдарға тыйым салынғаны көрсетілген.
Сондай-ақ, «Бала құқықтары туралы» заңда порнографияны тарататын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану да заңмен қудаланады және оларды таратуға тыйым салынады делінген.
Аталған себептер бойынша министрлік «selftanu.kz» интернет-ресурсына шектеу шараларын қабылдады.
Сондай-ақ Министрлік өкілі аталған сайт заң талаптарын орындап, ескерту орындалған жағдайда интернетке қосылу қайта қалпына келтірілетінін атап өтті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…