Экономика

Қазақстанда Ұлттық қордан ең көп қаржыны қай балалардың алатыны белгілі болды

«Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қай балалардың Ұлттық қордан ең көп қаржы алатынын айтты.

Өз отбасымды мысал етіп айтып берейін. Менің үш балам бар. Үлкен ұлым 1994 жылы дүниеге келген. Қазір жасы 30-ға толды. Ол бұл бағдарламаға қатыспайды. Яғни, келесі жылы ол тіпті өтініш те бермейді. 2000 жылы туған қызым бар. Ол да қатыспайды. Кенже ұлым 2007 жылы дүниеге келген. Оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шот ашылады. Бірақ 2023 жылы ол небәрі 17 жаста болады. Яғни бұл әзірше оған қол жетімді болмайды,

деді Ибрагимова.

Ибрагимова ұлын мысалға келтіре отырып, 2007 жылы туған бала 2024 жылы кез келген екінші деңгейлі банкті, «Отбасы банкін» немесе өзіне ыңғайлы болып көрінетін басқа қызметті таңдап, электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш беретінін түсіндірді.

2023 жылы туылған немерем бар. 2041 жылы 19 қаңтарда, дәл 18 жасқа толған күні ол БЖЗҚ-дағы жеке шотында жинақталатын жинақ ақшасын алады. Яғни, ең көп соманы 2023 жылы туылған балалар алады,

деді ол.

Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанда ата-анасы ЖСН арқылы депозит ашқан 200 мыңға жуық бала бар.

Оларды басқа банктерге есептен шығару немесе талап қою мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін ғана арнайы ағымдағы шот ашылады. Содан кейін ақша осы есепшотқа түседі, содан кейін 18 жасқа толған азамат таңдай алады: ол оны өмір сүру жағдайын жақсартуға жұмсайды, немесе депозитті толтырады, я болмаса қазіргі уақытта білім — жылжымайтын мүлікке қарағанда маңызды актив екенін түсініп, соған жұмсайды,

деп қосты ол.

Ибрагимова балаларға білімге инвестиция салуды ұсынды.

Бізде мемлекеттік білім беру жүйесі болады. Біз «Келешек» жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз, оның аясында көптеген мүмкіндіктер болады, соның ішінде оқу ақысын төлеу, болашақта табыс табуға мүмкіндік береді.Мемлекеттік органдар тек ел ішінде ғана емес, шетелде де оқу ақысын қолдады. Сондықтан адамның таңдауына мүмкіндік бар,

деді Ләззат Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Парламент қазақстандық балаларға Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы заң қабылдаған болатын. Заң мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago