Categories: Қоғам

Қазақстанда мүгедек адамдар үшін қандай жаңалық бар?

Қазақстанның денсаулық сақтау өкілдері есеп берді: елімізде мүгедектігі бар адамдардың өмірі жыл сайын жақсарып келеді. Ол үшін жаңа бағдарламалар, қызметтер әзірленуде, жаңа бейімделу орталықтары ашылуда және басқа да көптеген істер атқарылуда. Ал осы мәлімдемелер қаншалықты шындыққа жанасады? Тексеріп көрейік.

Азға – қанағат

Мүгедектігі бар қазақстандықтарға қолдау көрсететін еріктілердің айтуынша, соңғы жылдары елімізде адамдардың өмір сүру сапасы тиісті деңгейге жетуі үшін көптеген жұмыстар атқарылды.

Мысалы, 2019 жылдың мамыр айында мемлекет 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітті, соның арқасында үкімет өз азаматтарына техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін тегін ұсынады. Бірі мемлекет есебінен мүгедек арбасын алады, тағы бірінің сөйлеу процессорлары мен түрлі импланттары жаңартылады.

1 қаңтардан бастап елімізде мүгедектерге берілетін жәрдемақы көбейді. Қосылғаны, әрине, көп емес, бірақ жоқтан бары. 2022 жылы 52 345 теңге еді, қазір 56 794 теңге болды. Егер бес баласы бар отбасы болса, қазір оларға 63 728 теңгенің орнына 69 138 теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, үкімет белгілеген жоспарда тағы 95 тармақ бар. Оған мүгедектігі бар ересектер мен балаларды оңалту бойынша тегін медициналық консультациялар да кіреді, бала кезінен мүгедек балаларға білім беруге көмектесу жайлы тармақтары бар. Сондай-ақ, мемлекет мүгедектігі бар студенттерді білім туралы диплом алғанға дейін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жұмыс жүріп жатыр

Мемлекеттің жоспарында мүгедек адамдардың құқықтарын қорғаудың заңнамалық негізін құру және ересектер мен балаларға қолайлы инфрақұрылым салу бар.

Мүгедектігі бар қазақстандықтардың өздері түрлі сауалнамаларда атап өткендей, соңғы онжылдықта еліміздің мемлекеттік және қоғамдық мекемелерінде пандустар саны көбейді. Бұл бағытта әлі талай істер атқарылуы тиіс, бірақ бастысы – жұмыс басталды.

Жалпы қазақстандық қоғам да қызмет көрсету ерекшеліктері бар адамдарға басқаша қарағанды қойды.

Бірақ біздің адамдардың әлі де үйренуі керек жалғыз нәрсе – психологиялық даму ерекшеліктері бар балаларға түсіністікпен қарау. Оқу орындарында үшін ұжымға және оқу процесіне қосылу оңай емес.

Бір қуантатыны, соңғы жылдары қазақстандық балалардың әлеуметтенуіне және толыққанды өмір сүруіне көмектесетін инклюзивті мектептер, туризм және үйірмелер пайда бола бастады, алайда аталған реформалармен қатар қоғамда әлі де шешілмеген проблемалар қалып отыр.

Болашақ – өлімге байланысты

Мүгедектігі бар адамдарға арбалар мен пандустар ғана емес, сонымен қатар тиісті құқықтық және әлеуметтік қорғау қажет. Есейіп келе жатқан мүгедек балалар мен олардың қартайған ата-аналарына қатысты мәселелер қиын болып тұр.

Бірінші қиындық –  өз баласына қамқорлық жасау. Ол үшін сот оны әрекетке қабілетсіз деп тануы керек, ал бұл белгілі бір уақыт өткеннен кейін және көптеген қағаздар, соның ішінде қаржылық әл-ауқат жайлы анықтамалар жиналғаннан кейін ғана болуы мүмкін. Бір жағынан, дұрыс, бәрін тексеру керек, бірақ кейде бұл тура бір мазақ секілді көрінеді.

Екінші қиындық – өмір бойы ерекшеліктері бар балаға өздері қамқорлық жасаған жалғызбасты аналар ересек балаларымен не істеуі керек? Өздері өмірден озса олар үлкен балаларын кімге қалдыруы керек? Бұл үшін, әрине, балалар үйі бар, бірақ онда да орын алу оңай емес.

Мүгедек балалардың ата-аналарын жұмысқа орналастыру да бір жыр. Қазақстандық заң тәжірибесінде қызына қарауға мәжбүр болған анасы жұмысынан айырылып, отбасы бір жәрдемақыға күн көрген жағдай болған. Бұған қоса қызды тексеру, емдеу және қалай болса да жалдамалы баспана үшін төлеу керек.

Құқық қорғаушылар бұл тақырыпқа қатысты пікірлері бойынша, мұндайға жол бермеу үшін мүгедек адамдардың қамқоршыларына әлеуметтік қызметкер мәртебесін беру керек, яғни жалақы төлеу керек және басқалардан бұрын зейнетке шығару керек, өйткені қамқорлыққа алынғандарға үнемі күтім жасап жүрген отбасы мүшелерінің мұнымен қатар нан табатын мүмкіндіктері жоқ.

Отандық заңнамаға сәйкес, мүгедектігі бар адамдар күтушіні талап ете алады, бірақ мұндай қызметтерді ұсынатын фирмаларды іздеп табу керек. Әсіресе аймақтарда. Күтуші табылған күнде де, егер жолы алыс болса немесе науқасты күтуден шаршаса, ол жұмыстан оңай бас тартуы мүмкін. Бұған қоса мұндай қызмет түрін кедейдің қалтасы көтермейді.

Әрине, тағы бір шешім бар – мамандандырылған мекемелер. Бірақ мұндағы бір жайт – ол жақта керек кезде орын болмай қалуы мүмкін. Ал орын алу үшін науқас біреудің өлімін күтуге мәжбүр болады.

БОМЖдар ма?

Мүгедектігі бар адамдар тұрғын үй проблемаларын басқа азаматтарға қарағанда өткір сезінеді. Тіпті мемлекеттен пәтер алуға кезекте тұрса да солай.

Бір қазақстандық азаматша өз оқиғасымен бөліскендей, оның төрт жасар ұлы пәтерге кезекте үш мың адамнан кейін тұр. Бала мүгедектік тобын тек 16 жасында алады. Егер ол уақытқа дейін оның тұрғын үйге кезегі келмесе, ол автоматты түрде өз бетінше қайта кезекке тұруы керек. Бұл – кезектің соңына барып, қайтадан күту керек дегенді білдіреді. Қамқоршылар да бұл мәселені ипотека алу арқылы шеше алмайды – банктер әдетте отбасылар алатын әлеуметтік жәрдемақыларды табыс деп санамайды. Осылайша, өздерінің баспаналары жоқ жандар өмір бойы жалдамалы пәтерлерді аралауға мәжбүр. Аталған мәселелерді тек мемлекет шеше алады, бірақ оның бұл мәселені түсінуге әлі уақыты болмай жүрген секілді.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago