Фото: ашық дереккөзден
Магистратура, докторантура гранттарының құны кемінде бакалавр гранттарының құнымен теңесуі керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай мәлімдеді.
Елімізде жоғары оқу орындарының басым көпшілігі әлі зерттеу форматына көшкен жоқ. Бірнеше себеп бар. Біріншісі – жоғары оқу орындарының ректорларының өздері магистрларды, PhD докторанттарды даярлауға құлықсыз. Неге десеңіз, магистратура грантының құны 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны 1 млн теңгеге жуық,
деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы 3 жылда магистратура, докторантура гранттарының құны 1,5-2 млн теңгеге дейін көтеріледі.
Сонда былай қарасаңыз, ректор былай ойлайды: «Мен бакалаврды қазір қабылдасам, онда ол төрт жылда маған 4 млн теңге әкеледі. Ал магистрантты қабылдасам, ол екі жылда маған бір млн да әкелмейді» дегендей. Сондықтан біз осы жылдан бастап магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз. Кемінде бакалаврлармен теңестіру керек. Бірақ негізінде осы үш жылдың ішінде олар 1,5-2 млн теңге көлемінде болады,
деді Саясат Нұрбек.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…