Categories: Қоғам

Қазақстанда мемлекеттік шекарадан автокөлікті өткізу ережелері жаңартылады

Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автокөліктер мен жүк көліктерін өткізу ережелеріне енгізілген толықтырулар қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған ережелер туралы бұйрық 13 сәуірде Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ашық нормативті-құқықтық актілердің сайтында жариялады.

Бұйрықта электронды кезек жүйесіне жаңартулар енгізу туралы ұсыныстар айтылған.

Электрондық кезек жүйесіндегі бақылау-өткізу пунктіне көлік құралдарының кіруін бірінші кезекте (кезектен тыс) тіркеу туралы тармаққа жеделдетілген өту ақысын төлеген тұлғалардың (заңды, жеке тұлғалар) санаты қосылған.

Бұған дейін бұл тізімге тек үкіметаралық келісімдер негізінде тез бұзылатын және қауіпті жүктер, нысандағы тауарларға арналған декларация болған жағдайда Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында экспортқа арналған тауарлар, белгіленген пошта операторы, ірі көлемді (габаритті емес) және уәкілетті экономикалық операторлардың арнайы рұқсаты бар ауыр салмақты жүктер, Президент әкімшілігі немесе Қаржы министрлігі басымдық (кезектен тыс) жол жүру құқығын берген тұлғалар кіретін. 

Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago