Categories: Экономика

Қазақстанда несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендейді

Қазақстанда тұтынушылық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызға төмендейді. Қоғамдық талқылауға ұсынылған жоба “Ашық НҚА” порталында жарияланды. 

Бұл өзгеріс сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесін төмендету мақсатында қабылданбақ. Бұйрыққа сай екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздарын 44 пайызға, кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздарын 40 пайызға төмендетеді. Сонымен қатар ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 пайыз, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер 44 пайыз болып бекітілмек. 

Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды,

делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін кепілсіз банк қарыздары мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттердің мөлшерлемесі 56 пайыз еді. Жоба 29 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

13 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago