Categories: Қоғам

Қазақстанда қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәртебесін көтеру ұсынылды

ҚР автокөлік одағының басшысы Сәбит Аманбаев, қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәртебесін дәрігерлер мен мұғалімдердікі секілді көтеріп, жалақысы орташа айлық жалақыдан жоғары болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Аманбаев осы арқылы бұл саладағы қызметкерлердің тапшылығын шешуге болады деп санайды. Қазақстанда қоғамдық көліктерде әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша 25 мың жүргізуші қажет болса, олардың саны қазір 17 мыңға да жетпейді, яғни тағы 8 мыңға жуық жүргізуші қажет.

Бүгін маған 20 адам жетпей жатса, ертең 30 адам болады. Көбісі жұмыстан шығып, шетелге кетіп жатыр. Шығыс және Батыс Еуропада жүргізушілердің жалақысы айына екі-үш мың еуро. Ақшаларын уақытында төлейді. Ай сайын жарнамамен 30-40 адамды әкетіп жатыр,

деді ҚР Автокөлік одағының басшысы.

Автобус жүргізушілері кесте бойынша екі күн жұмыс істеп, екі күн демалады. Ал орын алмастыратын адам болмаса, демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр екен. Соның салдарынан жол көлік апаттары жиілеп кеткен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago