Categories: Экономика

Қазақстанда қоныс аударушыларға төленетін жәрдемақы көлемі қандай

Солтүстік және Орталық Қазақстанға қоныс аударушылар 2023 жылы 241 мың теңгеден астам біржолғы төлем алатын болады, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы ағымдағы жылы 566 адамға 8 652 адамға дейін өсті.

Оның ішінде қандастар Солтүстік Қазақстан (138 адам), Қостанай (150 адам), Абай (196 адам), Шығыс Қазақстан (239 адам), Ақмола (270 адам), Павлодар облыстарында (932 адам) өсті.

Қоныс аударуға Қарағанды (33 адам), Ұлытау (120 адам), Абай (238 адам), Шығыс Қазақстан (305 адам), Қостанай (530 адам), Солтүстік Қазақстан (2 660 адам), Павлодар (2 841 адам) облыстары белгіленді.

Оларға бірқатар субсидиялар беріледі. Олардың ішінде отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК (241,5 мың теңге) біржолғы төлем беріледі. 2022 жылы бұл сома 222,6 мың теңгені құрады.

Ай сайын төленетін тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстар үшін 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) бөлінеді.

Еңбек министрлігі 1991 жылдан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанға 1,1 млн этникалық қазақ оралғанын атап өтті. 2022 жылы қандастар мәртебесін 19,2 мың адам алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago