Categories: Экономика

Қазақстанда орташа жалақы қанша?

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша орташа айлық жалақының — 338 715 теңге.

IV тоқсандағы орташа жалақының өсімі жыл соңындағы сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры көлемі жұмысшылар санына қарай бөлінеді. Бұл мәліметтерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан аламыз. Алынған деректерге кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қамтымайтынын атай кеткен жөн,

деп түсіндірді бюроның еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Оның айтуынша, орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс саласында (42%), баспананы жалға беру және тамақтану қызметтерінде (32,6%), ақпарат пен байланыс қызметінде (31,9%) тіркелген.

2021 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәнінің төмен болуы өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында (2,4%-ға) байқалды.

Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында тіркелді — 35,2%. Ең аз өсім Алматы облысында байқалды — 6,5%.

Бұл ретте төртінші тоқсандағы орташа жалақы көлемі 204 168 теңгені құрады.

Ұлттық статистика бюросы І-тоқсанда жалақының орташа мәні 285 433 теңгені, ІІ-тоқсанда — 312 011 теңгені, ІІІ-тоқсанда 299 782 теңгені құрағанын еске салды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago