Қазақстанда отбасыдағы агрессордың портреті жасалды

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын талқылап, отбасындағы агрессор адамды суреттеді.

ІІМ мәліметінше, 80% жағдайда отбасы жанжалдарына ер адам себепкер болады. Әдетте олар — 30-50 жастағылар (52%).

Оның 74%-інде тұрақты жұмыс орны, ал 90%-ында кәсіби және жоғары білімі жоқ. 78% жағдайда жәбірленушілер — әйелдер. Көбіне олар зорлықшыға материалдық және психологиялық жағынан тәуелді. Ұзақ жыл бойы қорлау мен қорқытуға шыдап жүреді. Балалар да зардап шегеді. Олар — қатыгез көріністердің куәсі

, — деді ІІМ өкілі.

Марат Ахметжановтың айтуынша, министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарламаларға жауап беру үшін шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері төбелескендерге қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде 10 мыңнан астам адам сот шешімімен қамауға алынып, 8,5 мыңына ескерту жасалды, 675-іне айыппұл салынды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago