Categories: Саясат

Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды

Қазақстанда сағат 11.00-де Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еліміздің барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдерге 55 кандидат енгізілген.

Алматыдан төрт үміткер, алты облыстан — Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарынан — екіден, қалған облыстар мен Шымкент пен Астана қалаларынан — үш үміткерден тіркелді.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттардың депутаттарын Қазақстан азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Республика бойынша сайлаушылар тізіміне 3168 мәслихат депутаты енгізілді. Олардың айтарлықтай бөлігі Түркістан облысында — 317 және Қостанай облысында — 263.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

1 неделя ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago