Categories: Қоғам

Қазақстанда паспорт алу үшін мемлекеттік баж ставкасы өзгереді

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мемлекеттік баж бойынша төлқұжаттар мен жеке куәліктер қашан берілетінін мәлімдеді.

Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, мүліктік сипаттағы талап арыздардан соттарда мемлекеттік баж сомасының жоғарғы шегі белгіленді:

  • жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен артық емес;
  • заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен артық емес.

Сонымен қатар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар бойынша ставканы қолдану тәртібі өзгертілді. Осылайша, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өтініш берген субъектіге байланысты қолданылады. Аталған өзгерістер 2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балалар үшін) паспортын бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке дейін төмендетілді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:

  • 36 бет – 8 АЕК;
  • 48 бет – 12 АЕК;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты – 1 АЕК мөлшерлемесін белгілеу.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago