Categories: Қоғам

Қазақстанда пойыздардың кешігуінің себебі неде — Индустрия министрлігі түсіндірді

Қазақстанда екі Тальго пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Сенат отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайырбек Өскенбаев жағдайдың ең алдымен ауа райына байланысты екенін айтады.

Мұнымен қоса аталған министрлік талабына сәйкес, олар басқа жылдамдықпен жүретін болғандықтан қосымша техникалық тексеруден өтуі тиіс екен.

Менің ойымша, бұл бірнеше күндік мәселе, техникалық тексеру жылдам жүргізілуі керек егер бәрі жақсы болса, олар оны қайтарады,

деді министр.

Ол қазақстандықтардың қолайсыздыққа бірнеше күн шыдай тұруын сұрады. Темір жолдардағы жүктемені азайтып, логистиканы пысықтау керек. Ал кешігулер локомотив қозғалысының жүйесін бұзған.

Әзірге төрт күн деп жоспарлап отырмыз, бірақ бұл техника, қазір нақты айту қиын. Бірақ бұл мәселе айлап шешілмейді, мен бірнеше күн жайлы айтып отырмын,

деп қосты Өскенбаев.

Ол сондай-ақ өткен аптада әлеуметтік желідегі жазбалардағы басқа пойыздардың да кешігіп жатқаны туралы пікірлерге түсініктеме беріп өтті.

Бірнеше күн шыдай тұру керек, қарашаның 17-сі күні Қарағанды облысында пойыздар жиналып, екі жақтан жол жабылып қалғаны естеріңізде болар. Сол кезде пойыздардың көбісі жиналып қалған, бұл логистика тұрғысынан айтарлықтай ауыртпалық әкелді және оның салдары қазір түзетіліп жатыр, сондықтан бірнеше күн шыдай тұру керек. Бәрін ретке келтіреміз,

деп сендірді министр.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago