Қазақстан русофоб елге айналып барады

Ресейлік әнші Григорий Лепстің концертін өткізу үшін өз алаңын ұсынған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды. Мұны естіген әншінің директоры Владимир Урюпин Қазақстанда русофобия барын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Gazeta.Ru басылымының жазуынша, Лепс Қонаевта өтетін концерттің тоқтатылуына ренжімеген және Ресей армиясына қолдау көрсетуді жалғастыратын көрінеді.

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған. Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Қазақстандықтар соғысты қолдайтын әншінің өнеріне елімізде өнер көрсететініне наразылықтарын білдірген болатын.

Жақында Ресей эстрадасының әншілері Григорий Лепс пен Николай Басков желіде Украина қарулы күштерінің жойылған әрбір танксі үшін 1 миллион рубль сыйақы беретінін мәлімдеген.

Григорий Лепске елдің көзқарасын білген соң сахнасын беріп отырған Makao Luxury Village Resort «концертті ұйымдастырушылармен келісімшартты біржақты бұзу туралы шешім қабылдадық, сатылып кеткен билеттердің ақшасын қайтарып береміз» деп айтты.

Тіпті, қоғам қайраткері Арман Шораев оның концертін бұзғандарға 1 миллион теңге беруге уәде етті.

Әншінің директоры Владимир Урюпин «соңғы кездері Қазақстанда әлі де русофобия» бар екенін айтты.

Григорий Викторовичтің ұстанымы өзгеріссіз қалады. Қай ел, кім не айтса да елімізді қолдаймыз. Қазақстан концерт өткізуден бас тартса, әрі қарай жылжи береміз. Күніміз Қазақстанға қарап қалған жоқ. Қазақстан сияқты достықты қаламайтын елдерді тізімнен сызып тастаймыз,

деді ол.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago