Categories: Экономика

Қазақстанда құс еті қатты қымбаттап барады

Energyprom.kz жеткізген ақпарға сенсек, сонымен қатар, жаңа піскен немесе салқындатылған және мұздатылған ет өндірісі өсті.

Биылғы жылдың қаңтар–шілде айларында жаңа піскен немесе салқындатылған құс еті өндірісі 64,2 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5% артық. Сондай-ақ, 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,1% артық.

Өндірістің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Мәселен, Ақмола облысында республика бойынша өндірілген жаңа піскен немесе салқындатылған құс етінің 38,4%-ы және мұздатылған құс етінің 18,6%-ы, Алматыда жаңа немесе салқындатылған 16,6%-ы және мұздатылған құс етінің 50,6%-ы өндірілді.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, отандық компаниялар құс еті мен жеуге жарамды жанама өнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 68,9%-бен салыстырғанда 71,1% қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс көлемі 4,2% артса, ет импорты 6%, 58,7 мың тоннаға дейін қысқарды.

Осы кезеңде ішкі нарықтағы сату көлемі 196,8 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3% артық.

Биылғы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша, құс еті бір жылда 27,9% қымбаттады. Оның ішінде тауық еті — 25,9%, тауықтың сан еті — 28,5%, төс еті — 29,3%, жіліншігі мен жамбасы еті — 29,5% қымбаттады.

Өңірлер бойынша, құс еті бағасының ең күшті өсуі Маңғыстау облысында байқалды: 43,8%. Одан кейін Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстарында да айтарлықтай баға өсті. Бағаның ең аз өсуі Қарағанды облысында тіркелді: 15%.

Биылғы жылдың тамыз айында ҚР дүкен сөрелері мен базарларында тауықтың бір килосы орта есеппен 1,3 мың теңгеден, тауық аяғының килосы 1,2 мың теңгеден сатылуда.

Отандық кәсіпорындар құс тұмауы дертінен толық айығып кетті, деп хабарлайды Хабар24. Еске салайық, екі жыл бұрын еліміздің тоғыз облысында құстардың жаппай қырылуы орын алған болатын. Сонда жалпы құс саны 20%а қысқарды.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago