«Шеше» — сүт безінің қатерлі ісігі туралы веб-сериал

Веб-сериал өткенімен өмір сүріп, өз-өзін жақсы көруден қалған ана туралы.

Сюжет бойынша, “Шеше” веб-сериалының басты кейіпкері Шынар есімді жалғыз басты ана балаларының жағдайын жасаймын деп, үнемі күйзелісте жүріп жаман ауруға шалдығады. Ол кенеттен өмірінің аяғына дейін 3 ай ғана қалғанын біліп, тезірек балаларына үй алып беру үшін жанталасады. Шынардың шалдыққан ауруы қазіргі таңда қоғамдағы әйелдердің көпшілігінде кездесетін, сүт безінің қателі ісігі болып шығады.

Жобаның сценарисі әрі Salem social media-ның креативті продюсері Бұхар Марат веб-сериалға дайындық барысында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан адамдардың көп екенін, тіпті кастингке келген актрисалардың басынан осындай жағдай өткені туралы айтты.

“Біз бұл жобаның жалпы дайындығына бір жылдан астам уақыт жұмысадық. Идея түрінде біраз талқыланып, кейінен сценарий жазуға кірістік. Тақырыпты зерттеу барысында өзімде онкологиялық орталықта болдым. Қатерлі ісікпен ауыратын адамдармен, ауруды жеңіп шыққан жандармен сөйлестім. Олардың сезімін, не ойлайтындарын барынша жобаға қосуға тырыстық. Ең қызығы біз кастинг өтікізіп жатқан уақытта, бірнеше үміткер актрисалар келіп өздерінің өмірлеріне ұқсайтынын айтты. Өз басында, болмаса жақынының осындай жағдайға тап болғанын айтып, тіпті оқиғаны естіп отырып жылағандар да болады. Сондықтан елімізде бұл мәселе өзекті болғандықтан,  сүт безінің қатерлі ісігі туралы жоба түсіріп жатырмыз,

деді веб-сериалдың сценарисі Бұхар Марат.

«Шеше» сериалы 12 бөлімнен тұрады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago