Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті, экс-депутат Бекболат Тілеухан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында салафизм ағымы туралы сөз қозғап, оған Қазақстанда ешқашан тыйым салынбайтынын айтты.
Экс-депутат салафизм ағымында жүрген адамдарға дұғасы қабыл болсын деген сөзден артық ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Алла қабыл қылсын. Мен олардың дініне байланысты ештеңе дей алмаймын. Сақалын, балағын, жүрегін қабыл қылсын. Басқа не айтам!? Сақалыңды ал, балағыңды ұзарт деп ел айтты екен деп айтам ба? Құдай сақтасын. Ол өзінің нанымымен жүр екен, Алла жанын жәннаттан қылсын. Дұғасын қабыл қылсын,
деді экс-депутат.
Сондай-ақ ол елімізде салафизм, уахабизм идеясына ешқашан тыйым салынбайтынын айтты.
Ешқашан тыйым салынбайды. Салафизм деген егер соғысқа шақыру болса, қарсымын. Салафизм егер бүкіл тарихты күстаналайтын болса, қарсымын. Ал өзім ешқандай ағымның өкілі емеспін. Алланың, пайғамбардың жолындамын. Абу Ханифа мазһабын тастай ұстанамын,
деді Бекболат Тілеухан.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…