Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді яғни саусақ ізін алуды міндеттеуді алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін тіркеу 2024 жылдан басталуы керек. Алайда норма қолданысқа енбеуі мүмкін. Бұл өзгеріс мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялар мәселесі бойынша түзетулер жобасына енгізілген.
Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін міндетті саусақ ізін алып тастау. Шешім көптеген өтініштерге, қауіпсіздік мәселелері бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары үшін, сондай-ақ сарапшылардың пікіріне байланысты қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Ал шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді,
деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны айтылған еді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…