Categories: Қоғам

Қазақстанда шетелдік көлікті заңдастыру қалай жүзеге асады? ІІМ түсіндірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша ережелерді түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыруды өткізу туралы жариялаған болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында бұдан бұрын қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекітті. Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни ережелер бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз,

дейді Игорь Лепеха ОКҚ брифингінде.

Көрсетілген қағидаларда автомобильдер қандай жағдайларда 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін төлей отырып және утиль алымнан босатыла отырып, жария етілуге жататын нақты өлшемшарттар белгіленген.

Ол үшін:

  • біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек.
  • Екінші — іздеуде болмауы қажет;
  • Үшінші — басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы қажет;
  • Төртінші — кедендік «тазартудан» өту.

Қазақстанда бүгіннен бастап шетел көліктерін сақтандыруға тыйым салынды

Автокөліктерді заңдастыру қалай жүзеге асырылады?

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады. Мамандандырылған ХҚКО-ларда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек автомобильдерді заңдастыруға құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ, Әкімшілік полиция қызметкері қатысып, жария етуден өту тәртібін және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері, қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеу тәртібін түсіндіреді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago