Categories: Қоғам

Қазақстанда шетелдіктер үшін тұрақты тұруға арналған құжаттарды рәсімдеу күшейтілді

Енді Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат сұраған шетелдіктерге шетелдік төлқұжаттың болуы міндеттеледі. Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға тұрақты тұруға рұқсат беру ережелерін жаңартып, тиісті өзгерістер енгізді деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәл қазір халықаралық паспорт шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және оның құқықтық мәртебесін растайтын құжат болып саналады.

Енді шетелдіктер тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күн болуы тиіс шетелдік төлқұжат ұсынуы керек. Уақытша тұруға рұқсат алу үшін енді пәтер иесінің атынан сенімхат, меншік иесінің нотариалды куәландырылған келісімі қажет.

Сонымен қатар шетелдіктер рұқсат алу кезінде көрсететін мекенжайда енді тіркеу коды болуы керек. Бұл шаралар шетелдіктерді жалған мекенжайлар бойынша тіркеле алмаулары үшін жасалып отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago