Categories: Спорт

Қазақстанда стриптизге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бізде 176 спорттық федерация бар. Барлығы ресми тіркелген. Барлығы мемлекеттік қолдау алады. 19 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл тым үлкен көрсеткіш. Иә, тым үлкен. Сол аз халқымыздың өзі түгелдей спортпен шұғылданбайды ғой. Кішкентай бөлігі ғана. Бірақ спорт түрі өте көп, дейді журналист Аслан Қаженов.

Неге?

Өйткені, спорт саласында ағыл да тегіл ақша бар. Кім көрінген қолын сұғып, қалағанын ала береді. Ала бергенде, алуға тырысады. Сондықтан

қайдағы жоқ федерацияларды ашып тастап, сол арқылы қалталарын қампитып жатыр.

Санамалап көрдім.

Сол 176 федерацияның 46-сы жазғы олимпиадалық, 13-і қысқы олимпиадалық бағыт. Ок. Оған ақша бөлуге болады. Одан кейін олимпиадалық еместің де түр-түрі бар. Оның ішінде шамамен 20-сы қолдау жасауға тұрарлық делік.

Ең масқарасы, қалған спорттық бағыттар біз үшін «боққа да керегі жоқ». Мысалы,

пилондағы спорт дегенді естідіңіз бе? Атын әдемі қылып қойған. Ал, заты – кәдімгі стриптиз. Темірге орталып билеуді үйретеді. Қай-қай жағынан да менталитетімізге жат.

Осыған мемлекеттен қолдау жасалады.

Индонезияның пенчак силаты, қытайдың ушуы, татардың белбеу күресі… Олар бізге керек пе? Басқа халықтардың ұлттық спортына неге біздің халықтың аузын жырып тұрып ақша бөлуіміз керек? Олардың тарихын, олардың дәстүрін, олардың философиясын, олардың ұстанымын неге біздің балалар үйренуі керек? Неге бойларына сіңіру керек?

Одан кейін спорттық балық аулау деген не? Тағы да аты күшті. Ал, негізі спорт емес, сауық қой. Кайф. Балық аулып отырасың. Соны ресми акредиттеп, мемлекет қолдау жасайды. Осылай-осылай кете береді. Осындайдың әлі қаншасы қазір тіркелуде және әлі қаншасы тіркеледі?! Ешкім білмейді.

Белгілісі – олар бәрін заңмен бекітіп, елдің мойнына плотно отырып алған. Оны өзгертуге жол бермейді. Артында үлкен адамдар тұр. Үлкен мүдделер тұр.

Жан-жақтан жалмаңдап келіп, халықтың аузын ұрып жатыр.

Егер осыны жақын арада нықтап қолға алып, тосқауыл қоймасақ, қаржыландыруды тыймасақ, тайраңдауын тоқтатпасақ, өз ұрпағымызды өз қолымызбен өлтіреміз.

Ұлт ретінде жойылуымыз басқадан емес, дәл осы тырнақшаның ішіндегі спорттардан болады…

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

17 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago