Қазақстанда су шығыны артып жатыр

Негізі 2000 жылдан 2020 жылға дейінгі көреткіш тұрақты. Кейінгі 2 жылға қатысты ресми мәлімет жоқ.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі статистикасы бойынша, 2000 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан тасымалдау кезінде тұрақты түрде 13%-ке жуық су жоғалтып отырған, деп хабарлайды energyprom. Еліміздегі жер суландыратын жүйе кеңес дәуірінен қалған, жөндеуді аса қажет етеді. Оның жағдайы нашар болғандықтан каналдармен ағатын су буланады немесе егін алқабы мен бау-бақшаға жетпей жоқ боп кетеді.

Су есебіндегі жаңылыс

Егін егу маусымы басталғандықтан суаруға арналған су әсіресе Қазақстанның оңтүстіктегі құрғақ аймақтарында аса үлкен мәселеге айналып отыр. Бұл аймақта халықтың көп бөлігі ауылда тұрады және агроөнеркәсіп кешенімен айналысады.

Кейінгі 20 жылда тасымалдау кезіндегі судың жоғалуы 11-16% арасында болды. Бұл көрсеткіш 2015 жылы ғана өзгерді, ол кезде су жоғалту проценті бірден 7%-ке азайды. Ал келер жылы бұрынғы пессимистік деңгейіне қайта оралды.

Дегенмен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) баяндамасында келтірілген су шығыны туралы деректер Экология министрлігі ұсынған деректерден басқаша. Сонымен қатар, БҰҰ ЕЭК шығынын бағалау деректері біздің министрлік дерегімен салыстырғанда пессимистеу. Есепте тасымалдау кезіндегі су шығыны ауыл шаруашылығы тұтынушылары үшін су тұтынудың шамамен 60%-іне, өнеркәсіптік тұтынушылар үшін шамамен 40%-ке және коммуналдық қызметтер үшін 50%-ке тең деп көрсетілген.

Аймақтар туралы деректерді тек БҰҰ ЕЭК есебінен білуге болады, олардың ең жаңасы — 2014 жылғы.Ппроблеманың аса өзекті екеніне қарамастан, Экология министрлігі кейінгі жылдардағы цифрларды ұсынбайды.

Шығынның көбі қай аймаққа тиесілі?

БҰҰ құжаты бойынша, су шығыны бойынша күмәнді «көшбасшылықты» өте құрғақ және ыстық аймақ саналатын Қызылорда облысы алып отыр. 2011-2014 жылдар аралығында жер суландыратын жүйе тозғандықтан, республика бойынша су шығынының орташа есеппен 40%-і осы аймаққа тиесілі болды (2014 жылы – 36,4%).

Кейінгі жылдардағы есеп жаңармағанына қарамастан, суаруға арналған су аймаққа баяғыдай жетпейді деп болжауға негіз бар. Оның үстіне, елдің барлық дерлік күріш алқабы орналасқан Қызылорда облысына судың жетпеуі күріш алқабы көлемін 11 мың гектер жерге қысқартып жіберді. Сырдарияда су деңгейі төмен болғандықтан аймақты сумен қамтамасыз ету жыл өткен сайын қиындап барады.

Антикөшбасшылар үштігіне Алматы мен Жамбыл облыстары (2014 жылы Қазақстандағы су шығынының 26,5%-і және 17,7%-і) сияқты екі оңтүстік өңірі кіреді. Проблемасы бар үш аймақ елдегі су шығынының 80%-тен астамына «жауапты» болып отыр. Олардың қатарына Түркістан облысы мен Шымкентті қоссақ, тасымалдау кезіндегі су шығынының 90%-і осы үш аймаққа тиесілі болады.

Қаржылай көмек

Қазақстан Азия даму банкінен (АДБ) және Халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚҚДБ) кем дегенде екі ірі несие алғанына қарамастан, суару жүйесін әлі күнге дейін қалпына келтірген жоқ. Екі банктен алынған несие жер суландыру жүйесін жаңғырту және суды тиімді пайдалану ісіне жұмсалды:

• 2014 жылы ХҚҚДБ су ресурстарын тиімді пайдалануды қолдау және жерді суландыру инфрақұрылымдарын жаңарту үшін Қазақстанға 102,9 млн, доллар қарыз беру туралы келісімге қол қойды.

• 2019 жылы АДБ жер суландыру желілерін қалпына келтіріп, жақсартуға көмектесу үшін «Казводхоз» РМК-ға 249,8 млн. доллар қарыз беруді мақұлдады. Ол желілер Қазақстанның төрт өңіріндегі 171 мың. гектар жерге қызмет етеді.

Дегенмен еліміздегі су шығыны деңгейі Орталық Азиядағы ең үлкен су шығыны емес екенін айтып өткен жөн. Орталық Азиядағы су айдауыш мұнара саналатын көрші Қырғызстандағы су шығыны ол елдегі көрсеткішті бірден екі есеге өсіріп тастады: мемлекет жыл сайын барлық алынатын судың төрттен бір бөлігін жоғалтады. Ресейде 2010 және 2020 жылдары, ресми дерек бойынша, теріс көрсеткіш 11% деңгейінде тұрды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago